Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда көлде жүзіп жүрген екі метрлік жұмбақ жаратылыс туристерді шошытты

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы саябақта су астынан шыға келген екі метрлік жаратылыс саябақ қызметкерлері мен туристерді қайран қалдырды. Жұмбақ жаратылыстың арқасы тасбақаныкіне ұқсайды.

Қытайда көлде жүзіп жүрген екі метрлік жұмбақ жаратылыс туристерді шошытты

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын туристер Байюнь көлінен біртүрлі жаратылысты көріп қалды.

«Оның арқасы қара түсті және тасбақаныкіне ұқсайды. Артынша оның басы көрінді. Ол жыланның басына ұқсайды», – дейді саябақ қызметкері.

Оның айтуынша, балықтың ұзындығы кемінде 2 метрді құрайды.

Саябақ әкімшілігі көл аумағын туристер үшін жауып, жағалауға қауіпсіздік туралы ескерту орнатып, жұмбақ жаратылысты іздеуге кірісті. Қауіпсіздік қызметінің басшысының сөзінше, судағы жаратылыс туралы бұған дейін де білген. Алайда оны анықтау мүмкін болмапты.

Осылайша екі күн іздестіру жұмыстары жүргізіліп, миссисипилік сауыттылар тұқымдас екі балық ұсталды. Балықтардың ұзындығы 1,2 және 0,9 метр болады. Қызметкерлер мұндай балықтар саябақ көліне Чжуцзян өзені арқылы түсуі мүмкін деп топшылап отыр.

Миссисипилік сауытты – тұщы суда мекендейтін ең ірі балықтардың бірі. Олардың ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. Ал салмағы 130 келіден асады. Олар Солтүстік және Орталық Америкада мекендейді. Алайда бұл балықтар Каспий теңізі, Үндістан, Гонконг және Сингапурде байқалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау