Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай хирургтері адамның басын жансыз денеге ауыстырды

Қытайда әлем бойынша алғаш рет жасалған адамның басын трансплантациялау отасы сәтті өтті. Десе де науқас пен донор өлі болған.

Жансыз денеге адам басын трансплантациялау отасы 18 сағатқа созылған. Харбин медицина универсиетінің командасы адамның басы мен жансыз денедегі омыртқа, нерв жүйелері мен қан тамырларды біріктірді.

Бұл туралы әйгілі италиялық нейрохирург Серджио Канаверо хабарлаған еді. Ол алдағы уақытта дәл осындай отаны тірі адамға жасап көрмек.

«Адамның басын жансыз денеге орналастыру бойынша ота жасалды. Келесі жолы миы өлген донордың басы тірі адамға орналастырылады», – дейді нейрохирург Серджио Канаверо.

 

Оқи отырыңыз:

Құлағыңыз денсаулығыңыз жөнінде көп нәрседен хабар бере алады

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығады

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігердің қарамағанын жазғаны үшін сотта кінәлі болды

«Оскарды» ұтқан әйгілі гримерді Назарбаев туралы фильм түсіріліміне шақыртты

Талқылау