Қытайда қамауда отырғанқазақтардың туыстары Үкіметтен көмек сұрап отыр

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 16:50

Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында Қытайда жаппай қудаланып, сотталып жатқан қазақтардың туысқандары мұңын шағып, ел үкіметінен көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Анаргүл Мәлік – Қазақстан Республикасының азаматы, әке-шешесі мен тұрмыстағы сіңлісі Қытайда тұрады. Айтуынша, туған сіңлісі Мерейгүл Мәлікқызы екі жарым айдан бері қамауда жатыр. Оған ауруханадан шығарда әпкесінен алған 500 мың теңге себеп болған.

“Туған сіңлім Мерейгүл Мәлікқызы екі жарым айдан бері қамауда. Екі жасар баласы бар. Ауруханадан шығарда, маған хабарласып, 500 мың теңге сұраған еді.

Мен де, еш жамандық ойламастан, Қытайға, оның есепшотына ақша аудардым. Сол уақытта Қытай полициясы сіңлімнің қай ауданда тұратынын анықтаған. 500 мың теңгені алар-алмаста қолындағы баласын үйге апартқызып, өзін тексереміз деп алып кеткен. Содан бері екі жарым ай өтті, бауырымнан еш хабар жоқ”, — дейді Мәлік.

Анаргүлдің айтуынша, Қытай полициясы оның әке-шешесін де бақылауға алған.

“Әкем мұғалім, былтыр ғана зейнетке шықты. Қытай өкіметі мұғалім болғаны үшін оны ерекше бақылауға алған. Қолындағы құжаттарын да тартып алды, полиция күніне екі сағат әке-шешемді бақылап отырады.

Күйеу баламның да әр басқан қадамын бағып, бақылауда ұстап отыр. Тіпті оған “үш рет әйеліңді іздеп барыпсың, төртінші рет баратын болсаң, артынан өзің жауап бересің” деп ашық қорқытқан. Бұл қандай сұмдық жағдай! Сонда мен өзімнің туған сіңлімді Қытайға іздеп бара алмаймын. Өйткені Қытай өкіметі мені де бақылауға алған болуы мүмкін.

Бір ай бұрын Қазақстан үкіметінен, президентімізден көмек сұрап, youtube-ке ашық видео жариялаған едім. Ашындыратыны – бір айдан бері маған тек Еуропадағы, шетелдегі журналистер ғана хабарласты. Қазақстаннан ешкімнен көмек болған жоқ”, — деп көзіне жас алды Анаргүл.

Ол Қытайдағы қазақтардың мүшкіл хәліне кейбіреулері тіпті күмәнмен қарайтынын, Қазақстандағы қазақтардың өзі сенбей отырғанын ашына айтты.

“Қазір біздің осы айтып отырғандарымызды теріске шығарып отыр. Мен Қытайдың тәуелсіз Азия тілшілеріне талай мәрте сұхбат бердім. Сол материалдардың астына жазылған пікірлерді оқысаңыз, өзіміздің қазағымыз “мұның бәрі өтірік шығар, сенің 500 мың теңге ақша аударғаныңды қайдан біледі” деген сыңайда әңгіме айтып отыр.

Қытай қалай білмейді?! Қытайдың “WeChat”- ын бәріміз қолданамыз. Вичатты қолданған адамның кіммен не сөйлескені оларға мәлім.

Қазір Қытайдағы туысқандарым мені Вичаттан өшірді. Себебі Қытай полициясы менің кім екенімді, немен айналасатынымды, телефон нөміріме дейін сұрап жатқан көрінеді”, — дейді ол.

“Үкіметтен көмек сұраймын, бұл тек сіңлімнің мәселесі емес, бүкіл қазақ ұлтының мәселесі. Мұндай заңсыздықтардың басталғанына бір жылдай болып қалды”, — деп түйіндеді Мәлік.

Ел билігінен алыстағы ағайынға қол ұшын созуды өтінген жандар арасында Надира Қайсар есімді бойжеткен бар.

“Шілденің 21-і күні ата-әжем әкемнің қайтыс болуына байланысты Қытайға кетті. Содан бері бес ай өтті, еш хабар жоқ. Естуімізше, екі айдан бері түрмеде жатыр.

Атам – 63, әжем – 59 жаста. Қазір інім екеуміз Көкшетауда тұрамыз. Қарайласып, көмектесетін ешкіміміз жоқ, жағдайымыз қиын. Қазақстан үкіметінен бұл мәселеге бей-жай қарамай, көмектесуін сұраймыз”, — дейді ол.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түскенін хабарлаған едік. Тіпті, қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлы Қытайда Қанат Исламның Алматыда өткен жекпе-жегін көрген қолдаушылары кейін түрмеге жабылғанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды

Бас прокурор: Енді азаматтар телефоны жасырын тыңдалғанын біледі

Ресейде бал ашып, балгерлікпе айналысу алаяқтыққа жатқызылатын болды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар