Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай отанына оралуы мүмкін

Есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Қытайға кетті. Бұл елде отандасымыздың апелляциялық шағымы қаралады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

неку

Сурет reactor.inform.kz

Зухра Сейтімова мен адвокаты оны ақтап алуға тырыспақ. Себебі қорғаушылар Қазақстандық студенттің кінәсіз екенін дәлелдейтін деректер бар дейді. Осылайша сапар алдында сұхбат берген ана қызының Қазақстанға аман-есен оралатынына сенімді.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы қамауға алынған. Оны есірткі алып өтпек болды деген күдікпен Гуанжоу әуежайында тұтқындап, былтыр өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.

“Ақжарқын ақылы бөлімде оқып, Алматыда пәтер жалдап тұратын. Сондықтан киім-кешегі мен пәтер ақысын төлеу үшін қосымша жұмыс істеп жүрді. Сол жерде бөтен біреулермен танысып, олар қызыма киім тасымалдайтын курьер қызметін ұсыныпты. Есірткіні сөмкеге солар салып жіберген. Сондықтан менің қызымның кінәсі жоқ”, – дейді Зухра Сейтімова.

Талқылау