Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда Димаш бейнеленген киімдер мен ыдыстар сатылып жатыр

Қанат және Света Айтбаевтар отандық бағдарламада ұлдары қатысып жатқан байқау туралы айтып берді. Мұнымен қатар, Димаштың Қытайдағы кішігірім жетістіктерін сөз етті.

17494384_509389872781919_4958756347022671872_n

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды.

– Света ханым, сіз де Қытайға барып Димашқа жанкүйер болдыңыз ба?

– Мен ол жаққа әлі бара қойған жоқпын. Себебі, қасында ұзақ уақыт жүре алмайды екенмін. Үйде басқа да балалар бар деген сияқты. Әзірге Ақтөбеде тұрып жатырмын. Бірақ енді Алла қолдап, маңдайына жеңістің туын желбірететін күнді жазса, сол кезде Қытайға барамын деп ойлап отырмын. Ол күнге дайындығым күшті. Мен осы күнге дейін Димаш қатысқан байқауларға баруға тырысып жүрдім. Арасында отбасымызбен де барып жүрдік. Қырғызстанның ауасына Димаш үйренісіп алсын деп байқаулардан он шақты күн бұрын барып жүрдік.

– Славян базарымен Қытайдағы байқауды салыстыруға келе ме?

– Қанаттың айтқанын мен кішкене толықтырайын. Осы жан-жақтылығы Қытай компаниясының журналистері Димашпен бірге елге келіп, екі күн бойы Ақтөбе қаласын, Димаштың оқыған мектебін, колледжі мен тұрған үйін, сабақ берген мұғалімдерін түсіріп кетті. Тек балабақшадағы тәрбиешісін таба алмай қалдық. Себебі, ол балабақшаға бір апта уақыт қана барған болатын. Мұнымен қатар, Астана қаласындағы оқу орнын түсіріп кетті. Бұл – әнші туралы толық ақпарат берудегі үлкен қадам.

– Димаштың костюмдерінің шығып жатқаны рас па?

– Қытай – өте алпауыт мемлекет. Халқы да өте көп. Димаштың суреттері бейнеленген әртүрлі киім мен кесе, жастықтар және қасықтар тарап жатыр. Оның қаншалықты сұранысқа ие болып жатқанын өз басым көрген емеспін.  Бір қуанатынымыз – Димаш қазақ екенін, Қазақстаннан барғанын бірден айтып, жар салды. Сол себепті олардың барлығы қазақша сөйлеуге тырысқан. Димашқа арнап қолдан мойынорағыш, ескерткіштер жасаған екен. Соған да қазақша сөздер жазып қойыпты. Біреусіне «Димаштың домбыра қыздары» деп жазып қойғандары есімде. (Күлді.) Бәлкім Димаштың домбыраны ерекше жақсы көретіндігін айтқылары келген шығар.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов Францияға не үшін барды?

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа бермек

Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды

Талқылау