Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Димаш Құдайбергенов 25 наурыз күні болатын кезекті турда қандай ән орындайтынын айтып берді.

17438319_606832819510715_6553233947453554688_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергенов «I am singer» байқауының келесі кезеңінде өзінің туындысын орындайды. Мұнымен қатар, ол «Ұмытылмас күн» атты туындысын екі тілде орындап шықпақ.

«Бұл апта мен үшін ерекше. Өзімнің туындымды Singer саxнасында баршаға ұсынамын! Орал Байсеңгір ағамның сөзіне жазылған “Ұмытылмас күн” әнімді қазақ және қытай тілдерінде шырқаймын! Естеріңізде болса, дәл осы атаумен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 өңірге концерттік кешімді берген болатынмын! Жүрекжарды туындымды өздеріңіз бағалай жатарсыздар! Бастысы, әр күндеріңіз ұмытылмастай күн болсын! 25 наурыз сенбі күні Hunan TV арнасында кездескенше!» – дейді әнші.

Димаштың жаңалығы желі қолданушыларын ерекше қуантты. Пікірлер әдеттегідей ағылшын, қытай, қазақ, орыс, жапон тілдерінде жазылды.  «Қаламалды туындың керемет әндермен жалғассын. Осы әніңді ерекше ұнатып тыңдаймын. Жақұтым-ау, ашылмаған қырларың жарқырай түссін. Ақ жол! Алла жар болсын!», «Көп рахмет! Айтқаныңыз келсін! Аман жүріңіз, ауырмаңыз! Финалға өтуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс тілеймін. «Ұмытылмас күн» әнін орындағаныңыз үшін мың алғыс. Оны әлем жұрты біліп жүретін болды», «Наурызыңыз құтты болсын! Сізге жаратқан жар болсын!» деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа бермек

Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды

Қызы Баян Есентаеваның киімдерін киіп жүр (фото)

КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)

Талқылау