Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда бас ауыстыру операциясы жасалды (видео)

Бүгін Қытайда маймылдың басын ауыстыру операциясы жасалды. Отаны италяндық хирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жэнь Сяотин өткізді.

Бұл туралы RT хабарлайды.

Басы ауыстырылған маймыл ота өткен соң 20 сағат өмір сүрді. Сосын дәрігерлер оны ұйықтатып тастаған.

«Біз қаншама сын-пікірлерге қарамай оларға лайықты жауап бергенімізге қуаныштымыз. Мұндай операцияға сенбейтіндер көп еді», – дейді Канавероның өзі.

Оташы 2017 жылдың желтоқсан айында әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстыру бойынша операция жасамақ. Хирургтің көмегіне ресейлік IT маманы Валерий Спиридонов жүгініп отыр.

Талқылау