Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді. Төрағалық етуші судья Ақжарқынға жылы шырай танытып, отырыс соңында оны ширатып қойды.

20161102102835
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Төрағалық етуші судья Ақжарқынға жылы шырай танытып, отырыс соңында оны ширатып қойды. Ол журналистерге Ақжарқыннан сұхбат алуға, ұялы телефонға түсіруге рұқсат берді. «Барлығына алғысым шексіз, елшілікке, адвокаттарға. Әділдіктің орнайтынына сенемін, жақсылыққа сенемін. Туыстарымның маған сеніп, мені кешіргенін қалаймын, реніштерін ұмытқанын қалаймын. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет, үлкен рақмет», – деді Ақжаркын Тұрлыбай.

20161102102415

Аудармашының болуына қарамастан Ақжарқын оның қызметінен бас тартып, сот процесін қытай тілінде өткізуді ұйғарды.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген.

 

2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайдың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.

Оқи отырыңыз:

Алматыда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындалды

Алматы облысында Сирияға кетуді арман еткен 33 жастағы азамат әйелін қан-жоса қылып пышақтап өлтірді

Оңтүстік тұрғыны үш баласы бірінен соң-бірі қайтыс болғаны үшін дәрігерлерді айыптады

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Талқылау