Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 21 жыл бұрын өлім жазасына кесілген жігіт ақталды

Қытай соты 21 жыл бұрын зорлау мен адам өлімі үшін айыпталып, өлім жазасына кесілген ер адамды ақтап шықты.

1476489098

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

1974 жылы туған Не Шубинь 1995 жылы зорлық пен адам өлімі үшін өлім жазасына кесілген. Ол кезде жігіттің жасы 21-де болыпты. Сот 2014 жылы ғана істі қайта қарау туралы қаулы шығарған. Жұма күні болған сот отырысында Жоғарғы сот Шубинді кінәсіз деп тауып, ақтап шықты.

Оған өлім жазасын кесу туралы үкім 1995 жылы мамыр айының ортасында шыққан. Айыпталушы сотқа қайта шағым түсірген. Алайда сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. Ақыры бірнеше аптадан соң оған қатысты өлім жазасы орындалған.

Оқи отырыңыз:

Тайғанақ аяқ киіммен не істеу керек. Құламау үшін 7 кеңес

Тұңғыш қытай ғарышкері аспан әлеміндегі тылсым дыбыс туралы айтып берді

Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?

Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады

Талқылау