Қытай жігіті қазақ қызын әйелдікке алып, дүркіретіп той жасады (видео)

Сейсенбі, 6 Маусым , 2017 17:00

Қытайлар қазақ қызын әйелдікке алуды телеарналар арқылы насихаттай бастады.

1024707471

Мына бейне-жазбаны көріп отырып, ханзулардың шектен шығып бара жатқанын аңғаруға болады. Олар Ардақ есімді қазақ қызының  қытай жігітінің етегінен ұстағанын бүкіл арналары арқылы халқына көрсетіп, өз азаматтарын шекараға қаратып, “жұтындырып” қойды, деп жазады Abai.kz.

Мұндай сюжеттерді көрген әр ханзу азаматы “қазақ қызын әйел етуді” арман етері хақ. Бойы қысқа, көзі қысық қытай қызынан қазақтың аруы мың есе артық екенін айтпаса да түсінікті.

Қыз – көздің құрты. Әйелінен еркегі көп, “көзі қанталаған” ханзу азаматтары енді қазақ еліне ұрын келуді бұрынғыдан да үдете түсетіні анық.

Мұндай жымысқы саясаттың жүргізіліп жатқаны бүгін ғана емес. Осы жылдың басында ғана Қазақстандағы Қытай елшiсi Чжан Ханьхуэй журналистерге берген сұхбатында “қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады” деп ашық мәлімдеген болатын.

Елші Қытайдан келiп, жергiлiктi қазақ қыздарына үйленiп жатқан жiгiттер аз емес екенін айта келіп: «Мұндай жағдайлар көп. Бұл қалыпты тәжiрибе. Мен мұндай некелердi құп көремiн. Ешкiмдi ешкiм шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек», – деген-ді.

Мемлекеттік деңгейдегі дипломаттың ойын бүкпесіз жеткізіп, аралас некені насихаттауының өзі – саясат.

“Қыздың ары – ұлттың ары”. Қазақтың бір қызын өзге ұлт өкілінің өңгеріп кеткені – ұлттың ар-ұятының былғанғаны. Шындығын айтуымыз керек, күні кешеге дейін бабаларымыз қыздарын қызғыштай қорып, бетіне көлеңке түсірмей келді. Қытайдағы қандастарымыз “ханзуға тиген қызды әкесі атып тастапты” деген секілді түрлі аңыздарды ойлап тауып, қыздарын “тек-текпен” тізгіндеп отырды.

Енді міне, сол мықтылығымыздан түк қалмады. Қытай ішкі үрейін жеңіп, телеарналары, дипломаттары арқылы ашық шабуылға шығып отыр.

Бұл – Хань әулетінің ұрпағы, яғни жұңго-қытай баласы, тап іргеңде ашық-шашық қазақ деген ел жатыр, қыздары сұлу екен, жат жұртқа сұраусыз ұзатыла береді екен, қарап жүрме, қамдан, «қатын алсаң – қазақтан алдың» ашық саясатын аңғартады, әрине!

Ардақтың күйеу тапқанына бүкіл қытайлар қуанып жатуы, қазақтың көңілі үшін қытай күйеуге қазақы тақия кигізе салудың жемісін олар он жыл өтпей-ақ жей бастайды. Ал, бізді мың жылдық азап күтіп отыр.

Не істемек керек? Ендігі сауал осы.

Шәріпхан Қайсар

Тағы да оқыңыз:

Елбасы: Көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық

Құлпынайды денсаулығыңызға зиян келтірмейтіндей қалай дұрыс таңдау керек?

Желіде ұшаққа тегін билет беретіні жайлы қауіпті сілтемелер тарап жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Anonymous says:

    Басталды …

  • Anonymous says:

    Бұл қыздардың əке шешесінде намыс қазақтың қаны жоқпа

  • Anonymous says:

    Бұл қыздардың əке шешесінде намыс қазақтың қаны жоқпа

  • Anonymous says:

    Болдыго Қазақ елі жоуылуға біршама жақындады ағайын.Бойдақ жігіттер қолымызды қалтамызға салмай Сұлу қыздарымызды өзіміз алайық.

    • Anonymous says:

      Біздің қазақ қыздарымызға жігіт жетпейді.сондықтан шет елге кететін шығар Қазақстанда жіғіт азда қыз көп болып тур.əр қызға бір жігіттен қайда? Төқал болуға қыздарда ата аналарыда келіспейдіғой.Солай

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар