Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде ұшаққа тегін билет беретіні жайлы қауіпті сілтемелер тарап жатыр

Желіде алаяқтар жалған хабарламалар жазып, қауіпті сілтемелер таратуда.

d888e9853d

Көрсетілген сілтеме қауіпті болып шықты. Алаяқтар «Аэрофлот», Emirates және Lufthansa брендінің атауын әдейі таңдап алғанға ұқсайды.

Бұл жайлы толығырақ Group-IB директоры, компьютер қауіпсіздігінің маманы Руслан Юсупов айтып берді. Оның айтуынша, мұндай сілтемелерге кіргенде бірден көп парақшалар ашылып кетеді. Онда түрлі жарнамалар көрсетіліп, зиянды бағдарламалар ашылады.

Сарапшылардың айтуынша, арам ойын іске асырғысы келетіндер Facebook аккаунтының көмегімен авторизация жібереді. Олар көрсетілген телефон нөмірі арқылы банк картасындағы ақшаны қолды қылады.

«Аэрофлот» компаниясы Facebook желісінде қолданушыларына сақтықпен қарауды ескертіп, кіруге болмайтын сілтімелер тізімін жариялады.

«Қауіпті сілтімелерді ашпаңыздар, біздің ескертуімізді өзгелермен де бөлісе отырыңыздар», – деп жазылған хабарламада.

Алаяқтың жүйені кімнің ұйымдастырып отырғаны белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Жарылыс туралы хат тауып алған жолаушылар ұшақтан секіріп кетті

Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)

Астанада “Технодом” сауда үйінің кассирі тұтынушының қазақша қойған сұрағына жауап бермей қойған

Талқылау