Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады

 Чжэнчжоу қаласының вокзалындағы полиция қызметкерлері өз жұмыстарында арнайы көзілдірік  пайдалана бастады. Ол полиция дерекқорында тіркелген қылмыскерлердің бет-әлпетін салыстырып, тануға көмектеседі.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы құрылғының көмегімен іздеуде жүрген 7 адам және жасанды құжатпен жүрген 26 жолаушы ұсталды.

Полиция 1 ақпаннан бастап арнайы көзілдірікті қолдануға кірісті. Себебі Қытайдың жаңа жылы келе жатқандықтан, вокзалдарда жолаушылар көбейе бастайды. Станциядағы күнделікті жолаушылар саны 90 мыңға жетуі мүмкін.

Осы уақыт ішінде адам ұрлап, іздеуде жүрген жеті адам қолға түсті. Сондай-ақ, жалған құжатпен жүрген 26 адам ұсталды.

Айта кетейік, бұрын қылмыскерлерді іздеу үшін бірнеше сурет керек болған. Ал арнайы құрылғының артықшылығы қылмыскерлерді тануда бір ғана суретті қажет етеді.

Жіберіп алмаңыз:

14 жасар қыз отбасын құтқару үшін әкесін атып өлтірді 

Америкалық мұғалім студенттермен жыныстық қатынасқа түсуге құқылы екенін дәлелдемекші 

Қазақстандық азамат ұлымен бірге «Falcon Heavy» ракетасының ұшқанын тамашалады 

Ресейлік әйел күйеуінің жоғалғанын 40 жылдан кейін байқаған 

 

Талқылау