Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат ұлымен бірге «Falcon Heavy» ракетасының ұшқанын тамашалады

Қазақстандық инженер Арман Бекембаев ұлын ғарыш орталығына не үшін апарғанын айтып, өз ойымен бөлісті. «Falcon Heavy» ракетасының ғарышқа ұшқанын бүкіл әлем бақылады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Екі есе ауыр жүк көтеретін бұл зымыран жергілікті уақытпен сағат 13:30-да Кеннеди ғарыш айлағынан көкке самғады.

Ал зымыранның көкке көтерілгенін отандасымыз Арман Бекембаев пен оның алты жасар ұлы өз көздерімен тамашалаған.

Арман Бекембаев – ғарыштық техника жасаумен айналысатын ғарыштық технологияларды (SKTB KT) арнайы жобалау-технологиялық бөлім бастығының орынбасары.

«Бұл білікті мамандардың бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесі. Бағдарламалық жасақтамада үлкен жұмыстар атқарылды. Falcon 9 ракетасының бірігуінен Falcon Heavy зымыраны құрастырылды», – деді Арман.

Оның айтуынша, зымыранның негізгі міндеті – олардың синхронды түрде жұмыс істеуі.

«Олар жерге қайта оралғанда, керемет көрініс орын алды. Бұл ғажап көрініс мультфильмдегідей болды. Өз көзіме өзім сенбедім. Шындығында, ол бағдарламалық жасақтама болып табылады. Компьютерлік технологияларсыз оны құрастыру мүмкін болмас еді»,- дейді қазақстандық инженер.

«Біздің қолымызда билет болса да, зымыранның ұшуын көретініме ешқандай сенім болмады. Біз үшінші алаңда болдық. Билет адам басына шамамен 30 доллар тұрады. Бірінші алаңдағы билеттердің құны 300 доллар. Бірақ ол билеттер тез сатылып кетіпті. Ұлымды өзіммен ертіп келген себебім: баламның болашықтағы арманы нақты болсын дедім. Менің ойымша балаға кішкентайынан армандауға мүмкіндік берген дұрыс. Олар алғашқы әсерлерінен-ақ, болашақта кім болғысы келетінін жоспарлай бастайды», – деді Арман.

Жіберіп алмаңыз:

Зымыранның ұшқанын бақылап тұрған өзгепланеталықтар видеоға түсіп қалды (видео) 

Аллаху акбар деп айқайлады: Сирияда Ресей ұшағын атып түсіргендердің видеосы жарияланды (видео) 

Филиппин президенті жемқорлар мінген қымбат автокөліктерді қиратып тастады 

Ресейлік әйел күйеуінің жоғалғанын 40 жылдан кейін байқаған 

 

Талқылау