Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай өсімдігі барлық ауруға ем болып шықты

Джон Иннес есімді зерттеуші қытай халық медицинасында қолданылатын байкалин томағашөбі деген атаумен белгілі өсімдік рак пен бауыр ауруына қарсы күресте таптырмас ем деген қорытынды жасаған.

pic_1729a1e08fa758c74ee41b48e412b466

Сурет Wikipedia.org

Аталған өсімдік қатерлі рак жасушаларын өлтіріп, тек сау жасуша қабаттарын қалдыруға қауқарлы екен. Жануарларға жасалған тәжірибе кезінде расымен, аталымыш өсімдіктің ісіктің үлкеюін тежейтіні белгілі болған.

Бірнеше флавондар тобының тоғысуы кезінде вогонин мен байкалин өзге ұқсас заттарға қарағанда ерекшеленіп тұрады екен.

Жаңа зерттеу кезінде химиктер мүмкін болатын биохимиялық реакциялардың барлығын қарастырып көрген. Сонда пайда болған хризин жасушасы гормональды балансты сақтауда синтездеу кезінде үлкен рөл атқаратын болып шықты. Бұл өз кезегінде ісіктің үлкеюіне жол бермейді.

Талқылау