Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай қазағы Астанаға Шанхайдан өзі жасаған қазақи әуе шарымен ұшып келмек (фото)

Қытайдағы өнертапқыш қандасымыз Еркінбек Мұхтарбекұлы ЭКСПО-2017 көрмесіне өзі жасап шыққан әуе шарымен Шанхайдан Астанаға ұшып келмек, деп хабарлайды Қазақпарат.

20161108115939

«Бұл менің көрмеге жасаған сыйым. Жібек жолы арқылы Астанаға аттанбақпын. Осылайша екі елдің достығына үлес қосқым келеді», – дейді ол.

20161108115945

Ол әуе шарын не себепті қазақи үлгіде жасағанын да атап өтті.

20161108115953

«Жобаны іске асыруыма бірнеше жыл уақытымды жұмсадым. Басты мақсатым – қазақтың өнерін, болмысын паш ету. Қазақ халқы бас киім мен тұлпарды ерекше қадірлейді. Сондықтан шарды қазақы қадыптағы бас киім мен жылқы бейнесінде жасадым. Бас киім көкке көтерілгене барлық халық бір бас киімді кигендей болады. Бұл – бірлікті білдіреді. Ал, тұлпармен қазақтың батыры шауып бара жатқандай көрінеді», – дейді авторы.

20161108115949

Ол жобаны өзінің және демеуші қандасының қаржысына жасағанын айтады. Жобаның соңғы жұмыстарына әлі де қаражат жетіспейтінін жасырған жоқ. Мүмкіндік болса, көмек көрсетем деушілерден қолдау күтетінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Теміртауда қанішер құрбанының денесін бөлшектеп, бір ай бойы қоқысқа тастап отырған

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шеберлерінің тек қана тезірек баюды көздейтіні белгілі болды (видео)

Гитлердің әйелі киген ішкиім 3600 долларға сатылды (фото)

Әлі жаумаған қарды тазалаған коммуналдық көліктер қостанайлықтарға күлкі болды (видео)

Талқылау