Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлі жаумаған қарды тазалаған коммуналдық көліктер қостанайлықтарға күлкі болды (видео)

Жолды көзге көрінбейтін қардан тазалаған коммуналдық қызметкерлер қостанайлықтардың езуіне еріксіз күлкі үйірді.

8787

Бейнематериалда қар тазалайтын көлік көшенің қақ ортасымен қар жинайтын құрылғысын іске қосып кетіп бара жатады. Тас жол үстінде мүлде қар болмағандықтан, темір құрылғы асфальтқа тиіп от шығып кеткен.

Алайда коммуналдық қызметкерлердің “белсенді жұмысы” мұнымен де бітпейді. Трактордың ізінен тазалаушы көлік шығады. Әдетте ондай көліктер бірінші трактор шұқылап кеткен орындарды тегістеп, тазалауға тиіс. Тек бір белгілісі мұндай түнгі жұмыстың құрбаны тек ғана асфальт болғаны анық.

Видеоға қалдырылған пікірлерге сүйенсек, көрініс тура облыс орталығында болған.

Оқи отырыңыз:

Әкесі мен қызының биі: сіз көрген ең керемет той биі (видео)

Ұшаққа кіріп алған алып жылан адамдардың зәре құтын қашырды (видео)

Афины олимпиадасының жүлдегері Сергей Филимонов: Ішімдікті тастадым, спортқа оралсам деймін

Ақтөбе облысында жапан даладан ер адамның сүйегі табылды

Талқылау