Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның Ұлттық банкі әр азаматқа 100 грамм алтыннан бермекші

Қырғызстан Ұлттық банкінің басшылығы елдегі әр азаматқа кемінде 100 грамм алтыннан үлестіру туралы бастама көтерді.

ыы-2

Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстан бас банкирі Толқынбек Әбдіғұлов Орталық банктің халыққа 140 килограмм алтын сатқанын мәлімдеді деп жазады businessinsider басылымы.

Орталық банк мұндай қадамға азаматтардың байлығын қолындағы мал басымен есептеуден арылту үшін барып отырған көрінеді.

«Алтын жылдар бойы өз құнын жоғалтпайды. Байлықты жинауда ешқандай да инфляцияға ұшырамайтын алтынды қолдануды игеруіміз керек», — деді Толқынбек Әбдіғұлов.

Қырғызстанның басты экспорты қазіргі таңда алтын.

Елдегі халық санының 6 млн екенін ескерек, ұлттық аталған бастама үшін халыққа 600 тонна алтын таратуы тиіс. Бұл көрсеткіш ел экспортынан 30 есеге артық.

naryk.kz

Жіберіп алмаңыз:

Таза алтынды жасандыдан қалай айыруға болады?

Қазақстанда қарызға ақша беретін терминал орнатылды

Қолыңыздағы ақшаның шын немесе жалған екенін айырудың 3 әдісі (фото)

Талқылау