Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандық “Брюс Ли” ресейлік телешоуда жұртшылықты қайран қалдырды (видео)

Қырғызстандық жеті жастағы Нұрмұхамед есімді балақай ресейлік “Лучше всех” телешоуына қатысып, көпшілікті тәнті етті.

брюс

Бағдарлама сәуір айының ортасында түсірілгенімен, тек өткен жексенбіде ғана эфирден берілген. Максим Галкин жүргізетін бағдарламаға ол интернетті билерімен “жарған” бес жасар егіз қыздар Айпері және Нұрпері Тұрғуналиевалармен бірге қатысады.

Бағдарлама барысында жас каратист керемет әдістер көрсетіп, әйгілі Брюс Лидің трюктерін қайталаған. Сондай-ақ, олар Максим Галкинмен бірге Джеки Чанның гримастарын көрсетті.

брюс ли

“Нұрмұхамед сен керемет спортшы ғана емес, талантты актерсің де. Сен бәрінен мықтысың!”, – дейді бағдарлама жүргізушісі оған дәстүрлі медаль мен сыйлық сөмкені табыстап тұрып.

Бала да Галкинге құр қол келмепті. Ол ағаштан жасалған кораблді сыйға тартты. Нұрмұхамед туралы оның түрлі трюктер жасаған видеосы әлеуметтік желіде таралып кеткеннен кейін белгілі бола бастаған. Кейін анық болғандай ол каратэмен үш жасынан бері айналысады және қазір қоңыр белдікке ие екен.

Оқи отырыңыз:

Туа сала жүріп кеткен сәби көпшілікті таңғалдыруда (видео)

Таиландта монах автобуста порно көріп отырған жерінен ұсталып қалды (видео)

Көшеде тұрған америкалық азамат саксафонда Қазақстан әнұранын ойнады (видео)

Мұсылман ер адам шошқа етінен жасалған пицца бергені үшін мейрамханадан 100 млн доллар талап етті

Талқылау