Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде тұрған америкалық азамат саксафонда Қазақстан әнұранын ойнады (видео)

Әлеуметтік желіде көшеде тұрған америкалық азаматтың Қазақстанның әнұранын саксафонда ойнаған видеосы пайда болды.

85858585

Бейнежазбаны elik_bambi есімді инстаграм қолданушысы жариялаған.

“Көшеде кетіп бара жатқанмы, кенет, біздің әнұранды естіп қалдым. Әуенді қазақтың қара домалақ баласы емес, мына тамаша адам ойнап жатыр. Таңырқап, оның қасына барғанмын. Ол айтады, бұл Қазақстанның әнұраны деп. Міне, осындай күтпеген тосынсыйға тап болдым”, – дейді ол.

Желі қолданушылары бұл жағдайға таңғалып, қуаныштарын білдірген. Ал бейнежазба авторы болса, әлгі адамның әнұранды қалай үйреніп алғанын да пікір ретінде жазыпты.

“Қазастаннан адамдар кездестіргенмін, сосын гимнін жаттап алдым дейді. Видеода бірнеше елдің тулары тұр, солардың бәрін біледі екен”, – деп жазады.

Оқи отырыңыз:

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр

Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)

Ғалымдар себебін түсіндіріп бере алмаған жұмбақтар

Талқылау