Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы апачалардың өмірі

Қырғызстанның Баткен облысы, Қызыл-Қия қаласының маңындағы Жинжиген разрезінде заңсыз түрде көмір өндірушілер жұмыс істейтіні мәлім болды. Шахташылар өздерін «апачалар» деп атайды.

99

Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.

Кен ошағының айналасында алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынған. Өйткені оқыс оқиғалардың көпшілігі ішімді ішу салдарынан болатыны белгілі.

1

Арқан арқылы жерге түсу

2

Шахташылар өздерін «апачалар» деп атайды. Олар көмірді 15-60 метр жер тереңдігінен қолмен қазып алады. Сосын көмірді қаптарға салып, арқанмен жер бетіне тартып шығарады.

3

Қызыл-Қиядағы шахта Кеңес Одағы ыдыраған соң осы кен орнындағы көмірдің таусылуына байланысты жабылып қалған болатын. Алайда жұмысшылар бұл жерден көмірдің көзін тауып, заңсыз пайдаланып жатыр.

4

Бірер минуттың ішінде бір қап көмір жерге шығарылады

5

Жұмысшылардың түскі ас ішу сәті

6

Кеніште 20-30 адамнан тұратын 3 ауысым жұмыс істейді

7

Қызыл-Қия кен орны бірталай адамның өмірін құрбан еткен

8

Қаптарға көмір салу кезі

9

Кеніште жақын маңдағы ауыл тұрғындары жұмыс істейді

1

Мұндағы жұмыс өте ауыр әрі көп күш жұмсауға тура келеді

11

Шахташы

12

Шахташылар мен қап көмірді көтеруге арналған құрал

13

Мұнда ескі «Москвич» көлігінің бөлшегі көтеру құралы ретінде пайдаланылып жатыр

Талқылау