Қырғызстанда президент сайлауы басталды
Бүгін таңертең сағат 8-де Қырғызстанда президент сайлауы басталды. Қызғызстандағы сайлау учаскелері өз жұмысына кірісті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комисссиясына сілтеме жасап.

Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметі бойынша, президент сайлауына 3 миллион 25 мың 768 дауыс беруші қатыса алады екен.
Сайлау бюллетеньдерде 13 үміткер көрсетілген. Бірақ сайлауға қатысудан бас тартқан Камчыбек Ташиев пен Бақыт Торобаевтың деректері өшірілген.
Бұл Қырғызстанда өткізіліп жатқан жетінші президент сайлауы.
Жіберіп алмаңыз:
Итіне күтім көрсеткен әйел уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алды
Франциялық әйел өз балаларына жасалған зорлық әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде күдіктелуде
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті