Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан ІІМ елде террорлық әрекет жасамақ болған азаматтарды ұстады

Оқу орнын бітірісімен Сирия мен Египетте дайындықтан өтіп, Қырғызстанда террролық әрекет жасауға дайындалған осы елдің азаматтары ұсталды.

image123439

Бұл туралы Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ош және Жалал-Абад облыстарының тұрғындары Түркиядан ұшып келгенен кейін, Базар-Қорған ауылында ұсталған.

Ош облысы Ішкі істер бөліміне Ош облысы Ноқат ауданының 1995 жылы туған тұрғыны мен Жалал-Абад облысы Созақ ауданының 1988 жылы туған тұрғыны жеткізілді.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, ұсталғандардың біреуі Түркияға 2013 жылдың ақпанында кеткендігі анықталды.

Ол 2015 жылдан бірнеше ай бойы Сирияның Латакия провинциясында қару қолдану әдістерін меңгеріп, экстремистерді дайындау лагерінде оқу-дайындықтан өткен. Қылмыскердің бірі – «Таквид және жихад» діни экстремистік радикалды тобының мүшесі.
Ұсталған екінші азамат (1988 жылы туған) Египетте оқу-дайындықтан өткен.

Ұсталған бойда тінту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде одан экстремистік сипаттағы материалдар табылды деп қосымша хабарлайды Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру тобының мәліметтеріне сәйкес, Қарасұйық ауданы Қашқар-Қыштақ ауылының тұрғыны, 1981 жылғы Отабек Исмаилов пен 1990 ж.т., Ош облысы, Қашқар-Қыштақ ауылының тұрғыны, «Таухид және жиһад» тобының әмірі Сирожидин Мұхтаров (екеуі де іздеуге жарияланған) азаматтарды топ құрамына тартқан және «жиһадқа» шақырған. Қазіргі таңда олар «Джабхат-ан-нусра» террорлық ұйымының қатарында Сирия территориясындағы қанды қақтығыстарға қатысып жатыр.

Талқылау