Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз сазгері Қайрат Нұртас пен “Арай” тобын алдап соқты

Әнші Қайрат Нұртастың жақында ғана тыңдармандарына жол тартқан әні плагиат болып шықты. Әнді әріптестері “Арай” тобы да орындап жүр екен.

новый коллаж

Бұл туралы “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Осы уақытқа дейін әнші Қайрат Нұртастың “Туған күн” атты хит әзірлеп жатқандығы туралы жазған болатынбыз. Аталған әннің сөзін Құрманай Бақтиярқызы жазған. Әнші көп күттірмей әнді әзірлеп, көпшілікке ұсынды. Ұсынғаны сол еді өнердегі әріптестері “Арай” тобының жігіттері бұл әннің өзіне тиесілі екенін айтты.

Бір қызығы, қазақ жігіттер ғана емес, бұл әнді Қазақстан әншілеріне екі қайтара сатқан сазгер өзі де орындап жүр.

“Күнім” деген ән Нұрлан Нәсіп есімді қырғызтандық бауырымыздыкі. Сол жігіттен арнайы алған болатынбыз. Өнердегі әріптесіміз Медет бізге демеу көрсетіп, әлгі жігітпен келісім-шартқа отырып, әнді алып берген. Нұрлан Нәсіп ол әннің түпнұсқасы “Туған күн” екенін айтады, оны біз Ринат бауырымызбен бірлесе отырып жазған болатынбыз”, – деп аталған туындыны Қайрат Нұртастан бұрын еншілегенін жеткізді.

Ұлықпан Жолдасов әнді композитордың кімге бергісі келетінін өзі шешеді десе, Сейфуллин Жолбарыс мұндай жағдайда сотқа жүгінуге болмайтындығын айтады. Ал “МұзАрт” тобының солисі Кенжебек әнді кім бұрын немесе кейін алғаны маңызды емес, бар мәселе халықтың таңдауында екенін жеткізді.

50754751

“Арай” тобы бұл әнді Қайрат Нұртастың орындауына еш қарсылық білдіріп отырған жоқ. Ал Қайрат Нұртас барлық сұраққа анасының жауап беретіндігін айтқан.

Дәл осындай оқиға былтыр Индира Расылханның басынан өткен еді. Бір-бірін сотқа сүйрейміз деп ақырында мәселені “қазақша” шешкен. Десе де, бұл жолы бар мәселе “қазақша” шешіле қоймасы анық. Өйткені әнді сатқан композитор қырғыз елінің азаматы.

Плагиатқа қатысты мәселе шиеленіспесе де, көпшілік Қайрат Нұртас анасының жауабын күтіп жүр.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртастың әкесі жарына бұйырып сөйлей алмайтынын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

 

Талқылау