Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз актері Тәуекелдің бетіне тәтті жағып, ерекше құттықтау әзірледі (видео)

Еліміздегі ең танымал бойдақтардың бірі Тәуекел Мүсілім бірер күн бұрын меншікті мерекесін тойлады. 29 жасқа аяқ басқан Тәуекелді отандық шоу-бизнес өкілдері жарыса құттықтады. Алайда оларды Тәуекелге ерекше құттықтау әзірлеген қырғызстандық актер Азамат Ұланов шаң қаптырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Азамат сағат тілі 12-ні соққанда Тәуекелге тосынсый жасады. Ол күтпеген жерден актерге тап беріп, бетіне тәтті жақты. Одан бөлек, арнайы видео-құттықтау әзірлеп, желіде жариялады.

“Сіз сияқты адамды жолықтырған мен бақыттымын. Сіз менің ең жақсы көретін ағамсыз. Сізге махаббат, бақыт, табыс тілеймін. Сіз сияқты аға бұл өмірде жоқ. Жақсы көремін, құрметтеймін. Туған күніңізбен”, – дейді Азамат Ұланов.

Еске сала кетейік, Тәуекел мен Азамат “В поисках мамы” кинокартинасында басты рөлді сомдаған еді. Аталған фильм жыл басында отандық кино саласындағы ең табысты фильмдердің көшін бастаған-ды.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Алтынай Жорабаеваны дүйім жұрттың алдында құттықтады (видео)

Алуа Қонарова “Жыл таңдауы” жобасының әділетсіз өткенін айтып ашынды

Продюсер Тәстембеков Айқын мен Жұлдыздың құпиясын ашып қойды

Баян Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді

Талқылау