Қыдырәлі Болманов жастарға арнап кітап жазып жатыр
Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов енді жазушы атанбақ. Ол 2-3 жылдан бері жастарға арнап кітап жазып жатыр.
Бұл туралы продюсер желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Керемет жақсы кеш болды. Менің де кітап жазып жатқаныма 2-3 жыл болды. Ол кітаптың ертең мен сияқты ауыл балаларына не бере алатынын қатты ойланып жүр едім. Бүгінгі кеште жүз пайыз дұрыс екенін толық ұққандаймын. Бүгін халықаралық бизнесте жүрген досым Серікбай Бисекеевтің кіітабын талқылау, өткізу тәртібі өте жақсы ойлар салды. Білгеніңмен бөлісу, білмейтініңді білу. Білім деген шексіз дүниені қолыңмен, жүрегіңмен, санаңмен жинау екенін тағы бір түсінгендеймін! (Өз кітабымның тұсау кесуін елестетіп, мәз болғанымды да жасырмаймын). Алла қаласа жақсы кинокомпания кітаптағы болған оқиға желісімен көркем фильм түсірсек деген ұсыныс жасап отыр. Алла қаласа! Жақсы жаңалықтар көп болмақ бұйыртса!» – дейді Қыдырәлі Болманов.
Жіберіп алмаңыз:
Жанар Дұғалова: Табыс пен атақтың сүйікті ерімді алмастыра алмайтынын түсіндім
Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді
Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсетпек (видео)