Қыдырәлі Болманов тоқал алуға қатысты пікірін білдірді

Дүйсенбі, 23 Мамыр , 2016 11:19

Елімізге танымал продюсер Қыдырәлі Болманов жарының өзіне тоқал алып беруіне қалай қарайтынын айтты.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше жұрт Қарақаттың жолдасы Қыдырәліге тоқал алып беруге ниетті екенін естіп шулаған-ды. Артынша әнші мұның қалжың екенін айтып, өзіне қарсы жағымсыз пікір жазғандарға ренішін жеткізген болатын. Ал Қыдырәлі Болманов тоқал алуға қатысты өзіндік пікірімен бөлісті.

“Сіздер бізді 15-20 жылдан бері білесіздер. Көз алдыларыңызда өсіп-өніп келе жатырмыз. Ешқашан есер дүниемен айналыспаппыз. Баталарыңыздың арқасында үлгілі отбасыға айналдық. Өйткені, Қарақат екеуіміз үшін ең қымбат дүние – Отанымыз бен отбасымыз. Екеуіміз алғаш танысқанда ол 18 жасқа енді толған болатын. Сол күннен бастап ешқашан ажыраған емеспіз. Ойланып қарасақ, бес күн жалған дүниеде ең басты бақыт – жаныңды түсінетін, шексіз сүйетін, абыройыңды еселер асыл жар! Қарақаттың құттықтау хатында ағынан жарылып, қалай сүйетінін, қалай қадірлейтінін көрсеткісі келген ақ адал ниетін ғана көріп тұрмын. Сол сөздерді жазып отырғандағы жүрегінің лүпілін де сезіндім. Шынымды айтсам, айдай әлемнің алдында осындай сөздерді жаза алуы – Қарақат екеуіміздің бір-бірімізге деген махаббатымызды, бір-бірімізге деген сенімімізді үстемелеп, шегелеп тастады. Мен үшін асыл жарым отқа да, суға да түсуге дайын екенін сол сөзімен жеткізді. Ол маған бұрынғыдан да жақындап, жүрегіме мәңгіге “байланды ”, – деп Қыдырәлі Болманов отбасында ешбір келеңсіз оқиғаның болмағанын жеткізді.

Продюсер жұбайының қалжыңының осыншалықты шуға айналып кететінін күтпеген екен. Десе де, ол қосағының атынан барша жұртқа өтініш білдіріп, түсіністікпен қарауды сұрады.

“Қарақатымның сөзін басқа әйелдер жазбақ түгілі, әзілдей де алмайтын шығар?! Сүйген адамына екінші әйел туралы айтуы батыл жүрек, тастай берік иман, қамалдай сенім керек. Ол жазбадан алған ең басты, ең маңызды дүнием – Қарақатымның шексіз махаббаты. Шексіз сенімі. Сенім – бақыттың да, абыройдың да, ардың да, махаббаттың да негізгі тұғыры, кілті. Даналығымен тәнті еткен Қарақатыма ризамын. Бұл – менің тоқал алғысы келіп отырған сөзім емес. Ол – Қарақаттың жүрегіндегі маған деген махаббатын әсірелей жеткізгісі келгендегі сөзі екеніне күмәнім жоқ”, – деп Болманов сүйіктісінің жақсы қасиеттерін жіпке тізді.

Ары қарай “Шығармашылық адамдарының әлемі мен жан-дүниесі де өзгеше болады ғой. Мұны да тілегін ерекше жеткізгісі келгені деп білемін. Оның астарында тек әппақ көңілі мен ниеті жатыр. Дұрыс қабылдауларыңызды, дұрыс түсінулеріңізді өтінемін. Осынша шуға айналып кетеді деп ойламаппыз. Бұл бар болғаны “Қарақат Сұлудың Қыдырәлі Көрпешке” жазған ешкімге залалы жоқ жүрекжарды хаты ғана. Және солай қабылдануы керек”, – деп сүйіктісінің атынан халыққа өтініш айтты.

Бүгінде отбасында тату-тәтті өмір сүріп жатқандарын айтқан Болманов өзі жетекшілік ететін ұжыммен бірге Германия еліне аттанды. Аталған елде қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, дәстүрлі өнерінен “дәм татқызбақ”.


Оқи отырыңыз:

Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Қарақат Қыдырәліге тоқал сыйламақ болған себебін түсіндірді

Қарақат өзін Тасмағамбетовпен жасырын қарым-қатынасы бар деген қауесетке жауап берді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Сабина says:

    Қалжыңды түсінбейтін, халықты түсінбеймін!!!

  • Нұр says:

    УАДЕ ҚҰДАЙДЫҢ АТЫ.УАДЕ БЕРЕМ,ОСЫ АЙДЫҢ АЯҒЫНДА ТАНЫСТЫРАМЫН ДЕГЕН ЕКЕН.Халықты алдау ҚҰДАЙДЫ алдау.Ойнап айтсада ойындағыны айтты.Əлеуметтік желіде отырып алып көки берме Қарақат.Халық саған ойыншықпа?ойнап айтатын.Жер деп қазақ қара мұңға батып жүргенде 1-ңе бай 1-қатын іздемей қысып жүріңдер бір жерлеріңді.

  • Жұмбақ жан says:

    Отаныныңызды суйсеңіз неге 21 куні халыкпен бірге болмадыңыз???

    • Ия says:

      Жұртқа әңгіме болсын деп мазақ болмай. Алалса алсын. Неге керек елге жариялап? Қамтамасыз кылалса жәнеде бари разы болса, алсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Халык жер дауын калай шешемиз деп бастары айналып журсе, кыдыралинин проблемасы кушти токалмен жагаласып сигесин Кыдыр!!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Пиар ход болганго, шамасы.

  • Жұмбақ жан says:

    Ойй коягойыншы, iстейтiн iстерiн жок ау дим, Ерiгiп!!! Кеше Каракат ойына не келсе соны жариялап, бугiн ендi ” Калжындадык” шаруаларын жокпа не баска? ((((

    • Жұмбақ жан says:

      Елге жария кылып. Ужас((( соз жок сендерге .улгили семья болып.бир жерди кысып отыру керек кой .балдарына. Корсеткен. Тарбие ма?Пайгамбарымыз да Хадиша турганда устинен ешкандай айел алган емес!)

  • Жұмбақ жан says:

    каракат биреу тонып биреу тойып секреди деген макал баргой. тойынганнан куйеуи токал сыйлаймын дейсин.Токал тауарма заттпа. Бэлким озинде кыз жок шыгар.Маххабатын маздаган. бала тэрбиелеп отырган от анасысын.Сыйга тарткалы отырган токалын биреудин алаканына салып аялаган укилеп осирген бауыр ет баласы.Кыздардан .Кудайда.н корыкпай калай айттыныз.Эншилердин кобиси алланы айтып сайрайды бирак журегинде иман жок кур айта салат онерде жолдары болмай калама деп.Эйтпесе осы иманды созбе.Казак кыздарынан Каракат кеширим сура.Эйтпесе токалсыз каларсын.

  • Жұмбақ жан says:

    осы эншилерден баска адамдарда махаббат сыйластык жокпа араларында эншилергана бирин бири суйп косылганда карапайым халык ериккеннен уй бола салаган ау деймин. эншилерак куйп жанып.махаббаттан бастары айнелганнан ауыздарына келгенди айткангой

  • жазгам says:

    Адам ойнап ойындагын айтады Каракат сол Кыдыралиден кунде касында болганына шаршаган шыгар Калжыннын да шаги бар от калжынды ел журтка жарияламай из отбасында немесе курбы курдастар арасында айтылу калжындасу керекгоОйланбай сойлеген от басар не таптын со мен озинди букил казак кыздарына жек кориништи болдын !!!!

    • Жұмбақ жан says:

      Аузым бар деп айта беруге боламекен.Арким аркалай тусинет

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар