Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КВН: Қазақстандық команда Жоғары лигада тұңғыш рет чемпион атанды

КВН-2017 ойындары Жоғары лигасының жеңімпаздары белгілі болды, – деп хабарлайды Stаn.kz.

«15 желтоқсан күні Мәскеуде КВН ойындары Жоғары лигасының финалы өтті. Ойында Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский әділқазы мүшесі болды. Ойын нәтижесі бойынша, бірінші орынды  «Спарта Номад» (Астана) командасы иеленді. Екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) алды. Ал үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті. «Сборная Большого Московского Государственного Цирка» (Мәскеу) алғашқы бестіктен көрінді. «Спарта Номад» (Астана) биылға чемпион атанды», – делінген Халықаралық «КВН» одағының сайтында.

Айта кетсек, қазақстандық КВН командасы Жоғары лигада алғаш рет жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді (видео)

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Талқылау