Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құздың шетінде отырған қазақтың фотосы Интернет қолданушыларын шошытты

Домбырашының құздың шетінде отырып түскен фотосы желі қолданушыларының зәресін алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Құздың шетінде отырған қазақтың фотосы Интерет қолданушыларын шошытты

Бұл батыл музыкант Түркиядағы этникалық қазақ – Мустафа Кок болып шықты. Ол суретті өзінің Инстаграм парақшасына жүктеп, астына «Қорықпаңыздар, мен құлап кететін қар емеспін» деген жазба қалдырған.

Алайда оның мұндай өжеттігін көпшілік жақсы бағалай қоймады. Біреулер ол бұрыс мысал көрсетуде дейді. Әдетте экстремалды селфи жасау кезінде адамдарды соңғы сәтте ажал құшып жатады. Сонда фото өлеріндегі болып қалады.

Айта кетсек, Мустафа Кок Түркияда туғанына қарамастан Қазақстанның үлкен патриоты. Оның ата-бабалары – Алтай таулары етегінен болады. Өзі бір кездері Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мерсин қаласы маңындағы ауылды басқарған. Осы селфи де сол жерде түсірілген. Біздің қандасымыз әрдайым шапан киіп, қолынан домбыра тастамайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау