Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқарушылар асау толқындардан қашты (видео)

Гавай аралдарында өткен «Эдди» серфинг турнирі кезінде күтпеген оқиға болды. Сайысқа қатысып, көк айдында өнер көрсетіп жатқан серферлердің абайсызда суға кетіп қалмауын қадағалауға шыққан жағалау қызметінің сарбаздары гидроциклге мініп, оларды бақылауға аттанған болатын.

vsvs

Бірақ, олар жүзіп өтпек болған жерден көтерілген асау толқындар кенеттен аспанға атылып, олардың ізінен қуа жөнелді. Сөйтіп, спортшылардың қауіпсіз жүзуін қадағалауға шыққан құтқарушылар аласұрған толқындардан қашып, жағадан бір-ақ шықты.

Айта кету керек, серферлердің дәстүрлі жарысын бақылауға шығатын бұл құтқарушылар арнайы жаттығудан өтіп, зор дайындықпен келеді. Алайда биыл анау-мынау емес, 15 метрге дейін шарпыған толқындар олардың жұмыс барысына өзгертулер енгізді. Қашу кезінде ешкім жараланбаса да, бұл сәт құтқарушылардың зәресін ұшырып, олар тек аман қалғандарына қуанды. Ұшқыш-робот түсірген мына бейнероликте оқиғаның барысы мұқият бейнеленген.

Талқылау