Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбандық шалмағандарды мешіттен қуған имам жазасын алып, кешірім сұрады

Құрбандық шалмаған отбасыны мешіттен қуып шыққан молда жұрттан сөз естіп, ақыры жәбірленушілерден кешірім сұрады.

C6DD0E08-B167-4847-AEE6-32D5958A6213_w1023_s

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Сәуле Әліпова ауылдық жерде болған бір оқиғаны баяндап берген болатын. Еңбекшіқазақ ауданы, Бірлік ауылындағы мешіттегі имам құрбандық шалмаған бір отбасыны мешіттен қуып шығып, жұрттың көзінше масқаралаған. Мұнымен қатар, өзге де күмәнді істері бар екен. Әкім орынбасарының айтуынша, молданың бұл қылықтарынан әкімдік те, ауданның бас имамы да, облыстық және аудандық ішкі саясат бөлімдері де хабардар.

Осы жазбадан кейін фейсбук желісіндегі жұрт біраз шуласқан болатын. Көпшілік мұндай молданы орнынан алып тастауды талап еткен-ді. Осыны ескерген молда мен ауыл әкімі келіп әлгі отбасыдан жалынып отырып кешірім сұраған екен. Оқиғаны толығырақ Сәуле Әліпованың өзі баяндап берді.

“Кешегі оқиғаның жалғасы… Айт біткен соң Мұрат аға мен Алтынай әпкенің жағдайын сұрап үйіне бардық. Ағаның ұнжырғасы түсіп кеткен, апайымыз ісіп отыр, балалары бетімізге тура қарай алмай теріс айналып кетті. Намыстан жарылардай боп жүр. Мен өз парақшама болған оқиғаны олардың рұқсатынсыз жазғанымды және оның бір нәтижесі болар деп жұбатып отырғанымызда, есікті ашып молда келді. Мен айттап келдім, кеше келе алмадым деп үйге кірмек болғанында, Алтын әпке отырған орнынан атып тұрды да: “Кет, шық үйден! Қай бетіңмен келдің!? Бұл – Мұраттың үйі. Кеше сен Мұратты мешіттен қалай қусаң, бүгін мен сені солай қуамын!”, – деп айқайлап есікке қарай ұмтылып беріп еді, молдекең тұра қашты.
Не керек, ашуы әлі тарқамаған әпкеміз дарбазаға дейін айқайлап қуып шықты. Біз үнсіз отырдық та қалдық. Ыңғайсыз, әрине. Бірақ, әпкем өте дұрыс істеді деп ойладым. Әңгімелесіп шығып кеттік. Түс қайта ауыл әкімі, аудан имамы және біраз делегация молданы алып келіп 2,5 сағат жалынып отырып Мұрат ағаның кешірімін алып кетіпті…  Аға мен әпкенің еңсесі біраз көтеріліп қалды. “Сен болмасаң бізді кім елер еді? Рахмет қарындасым” деп ризашылығын білдірді. Ал тіс қайрап кеткендерде не болсын? …алдағы уақыт көрсетер…. әзірге бәрі дұрыс”, – деп жазады Сәуле Әліпова желідегі парақшасында.

Әділеттіліктің орнағанын естіген жұрт қуанып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. “Өте дұрыс болған екен”, “Әпкетай, сізге Алла әр кез қолдау көрсетіп, қорған болсын!”, “Аллам қолдасын баршамызды”, “Анау дүмшені мешіттен алыстатудың жолы бар ма?”, “Мұрат ағаның шаңырағы үшін қуаныштымын. Сізге де Алла риза болсын” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Айгүл Орынбек: Айсұлтан Назарбаев інім, сен тойып секірсең, мына жақта аштықтан секіріп жатқан халық бар

Ата-аналар бес күнге арналған күнделікті таба алмай жатқандарын айтып күйінді

Оралда өртенген үйден өлі табылған үш адамды жас жігіт өлтірген болып шықты

Талқылау