Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіленді (фото)

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 11:42

Танымал отандық дизайнер Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынды. «Казкоммерцбанкке» қарыздар болған Нұрқаділованың жеке мүлкі сатылымға шығарылды.

28398ae01b9ae0216b90a53ff94b2799-big

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жалпы ауданы 0,1366 гектар жерді құрайтын үйдің шаршы метрі 283,8. Дубок ауданында орналасқан үйдің сатылымы 7 қыркүйекке белгіленді. Нұрқаділованың үйі шамамен 109 миллион теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы Бірыңғай электронды сауда алаңында айтылған, деп хабарлайды 101tv.kz.

1472018011_pzzd7v4

Мәліметтер www.eauc.kz сайтынан алынған

Айта кетейік, қазақстандық сәнгер бірнеше жылдан бері банкпен соттасып келген. Нұрқаділова 2006 жылы банктен несие алғанын, ал банктің 44 мың долларды заңсыз қосып қойғанын хабарлаған болатын. Өткен жылдың наурызында Құралай Нұрқаділова Жоғарғы сот процесінде жеңіске жеткен еді. Алайда іс қайта қаралған соң, Алматы қалалық сотында танымал сәнгер жеңіліске ұшырады. Қазіргі таңда қарызды қайтару ісімен ҚР Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің Алматы қалалық сот актілерін орындау департаменті айналысып жатыр.

Құралай Нұрқаділова – мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы.

Жіберіп алмаңыз: 

Құралай Нұрқаділова Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасына өз нұсқасын ұсынды

Құралай Нұрқаділова жас кезіндегі суреттерімен бөлісті

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Құралайға тек алға дейміз. Алла сабыр берсін. Əкесінің беделін алға тартпағанның өзінде Құралай Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан тұлғаның бірі де бірегейі деп білем. Бар жақсылық алда еш мойыма

  • Анонимно says:

    Даудың төрелігін екі жаққа да беруге болушы еді, бірақ ұзаққа созылған сот банк жағына бұрылды.

  • Анонимно says:

    кредит жабалмай калган адамга мемелекет неге комектеспейди онсызда каржы коринген дер жеп жатыр емеспа. орынсыз

  • Анонимно says:

    Ойбу

  • Анонимно says:

    Əттеген-ай

  • Анонимно says:

    Табиги байлыкты сатты жерди сатты енди карапайым халыкты тонауга кошти билик окилдери

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар