Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлаққапты шешіңіз: Астана полициясы жолдарда пайда болған жазуларға қатысты түсініктеме берді (фото)

Полиция Астана жолдарында пайда болған жазуларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Құлаққапты шешіңіз: Астана полициясы жолдарда пайда болған жазуларға қатысты түсініктеме берді (фото)

Сурет: Астана ІІД баспасөз қызметі

ІІД мәліметінше, көп жағдайда жаяу жүргіншілердің көлік астына түсуіне олардың жол қозғалысы ережесін бұзуы себеп болады екен. Яғни адамдар жолдың өтуге тыйым салынған бөлігінен кесіп өтеді және жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өткен кезде телефон, құлақап қолданады. Полицейлердің сөзінше, бұл әрекеттер олардың жол қозғалысына назар аударуына кедергі келтіреді.

Құлаққапты шешіңіз: Астана полициясы жолдарда пайда болған жазуларға қатысты түсініктеме берді (фото)

«Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасы жаяу жүргіншілерді жол-көлік оқиғасынан сақтау мақсатындағы алдын алу шаралары ретінде жаяу жүргіншілерге арналған өткелдің алдындағы жаяужолға тиісті жазулар жазу ұсынылды. Олар: «Баланың қолынан ұстаңыз!», «Құлаққапты шешіңіз!», «Жан-жағыңызға қараңыз!», – дейді Астана ІІД-дегілер.

Құлаққапты шешіңіз: Астана полициясы жолдарда пайда болған жазуларға қатысты түсініктеме берді (фото)

Полицейлердің пікірінше, аталған шаралар жол қозғалысы кезінде жаяу жүргіншілердің назарын аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындарды жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өткенде, жол ережесін сақтауға шақырады.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда көлік жүргізушісі баланы ауруханаға әкетіп бара жатқан жедел жәрдемге жол бермей, балағаттаған.

Талқылау