Құдыққа құлап кеткен әйел жер астында қалған баланы құтқарып қалды
Іс-түссіз жоғалып кеткен 10 жасар баланы абайсызда құдыққа құлап кеткен әйел тауып алды. Туыстары жасөпірімді 24 желтоқсаннан бастап іздеп келген. Құдыққа құлап кеткен бала көмекке шақырғанымен, оның жан айқайын ешкім естімепті. Оқиға Татарстанның Черемшан ауылында болған.

Бұл туралы Татарстан Республикасы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің сайтында хабарланды.
Құдыққа құлап кеткен соң, боран болып, оның бетін қар басып қалған. Сондықтан да жеткіншекті ешкім таба алмаған көрінеді. Оны іздеуге бас-аяғы 120 адам жұмылдырылыпты.
Черемшан ауданы, азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Гулия Яруллина қар басып қалған люкке абайсызда түсіп кеткен. Жарақат алған әйелдің омыртқасы сынған, соған қарамастан ол баланы алып шыққан. Мамандардың айтуынша, енді бір сағатқа қалған жағдайда, жасөспірім үсіп қалуы мүмкін еді.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та шаштараз дұрыс шаш қимағаны үшін сотталды
Сүндеттемекші болған дәрігер 10 жасар баланың жыныс мүшесін кесіп алған
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған