Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірім қыз зорлады деген айыппен ұсталды: Артынша күдіктінің отбасында қора мен көліктер өртенген

Түркістан облысындағы ауылда жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay

Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз түскен. Содан кейін әлдекім күдіктінің туыстарына тиесілі қора мен көліктерді өртеп жіберген.

Қыз зорлады деп күдікке ілінген тұрғын да кәмелетке толмаған екен. Ол уақытша ұстау изоляторында.

Сондай-ақ бөтеннің мүлкін қасақана жойды деген күдіктілер де анықталып, полицияға жеткізілді.

Полиция жағдайға қатысты түсініктеме беріп, тергеу басталғанын мәлімдеді.

“Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындаумен қатар қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция өзге ақпаратты жария етуден бас тартты.

Талқылау