Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Құбыжық” қызға жасалған ота сәтті өтті (фото)

Аустралияда 4 жасар бүлдіршінге ота жасалды. Жүйке түтікшесіндегі ақаудың салдарынан оның бетіне артық ет өсіп шыққан. Бұл еттің салмағы 200 грамм ғана болса да, ол алдындағы заттарды көруге кедергі жасайды екен. Ата-анасының қуанышына орай, демеушілер табылып, Энжелге өткен қыркүйек айында ота жасалды.

3A6B7DA400000578-3940218-image-a-9_1479259575388

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Энжел өмірінде алғаш рет алдындағы затты еркін көре алатындай дәрежеге жетті. Ол дүние есігін ашқан кезде жыламаған екен. Анасы осы сәтте қатты қорқып қалған. Кейін жағдайдың тым нашар екенін бес күннен кейін бірақ білген.

Азияның оңтүстік-шығысында мұндай ауру түрі жиі кездеседі. Ол сәбидің ана жатырында жатқанында миының толық жабылмауымен түсіндіріледі. “Мен оны алғаш рет көрген кезде қатты жылап жібердім. Оған қараған сайын көз жасыма ерік беремін. Барлығына өзімді ғана кінәлайтын едім”, – дейді анасы.

Энжелдің ата-анасы $5500 ақша жинап, қыздарына Филиппинде ота жасатқан. Бүлдіршіннің бетіндегі артық ет сол жақ көзін толықтай жауып тұрған. Ол қатарластарымен ойнап, еркін ұйықтап, тыныс алуға кедергі жасайды екен. Көп жағдайда алдындағы затты көру үшін мұрнын қолымен шетке қарай жылжытуға мәжбүр болған.

3A6B7DA000000578-3940218-image-a-10_1479259580982

Энжелді құрдастары құбыжыққа теңейді. Бірде оны ұл бала келіп мазақтаған кезде, ол жәй ғана оның иығынан қағып, “Сәлем” деген. Анасы қызының бұл әрекетіне қатты риза болған. “Ол құрдастарының өзінен қорқатынын жақсы түсінеді. Мен оны мақтан тұтамын” дейді анасы.

Энжелді емдеу үшін тағы да $8000 ақша қажет болған. Осы орайда, оларға коммерциялық емес ұйым – бірінші балалар қоры көмекке келген. Аталған қор балалардың денсаулығын сақтап қалуға, оларды түрлі аурудан емдеуге көмектеседі. Осы қордың арқасында Аустралия мен Жаңа Зеландияның хирург мамандары Энжелге көмектесуге келіскен.

“Оның ата-анасы бізге алғаш рет 2014 жылы хабарласты. Одан кейін оған Interplast командасы қызығушылық таныта бастады”, – дейді қор мүшесі.

3A6B7D9C00000578-3940218-image-a-12_1479259588178

Interplast ұйымы көп уақыт бойы Энжелдің ата-анасын Аустралияға барып, ота жасауға көндіреді. Бүлдіршінді емдеу жұмыстары қыркүйек айында басталған. Вальтер Флоппер есімді хирург төрт сағат бойы ота жасаған. Ол 200 грамм етті кесіп, орнын бел тұсындағы сүйекпен бітеген. Айтуынша, ота өзі күткендей сәтті өтті. Нәтижесінде Энжел алдында тұрған объектілерді еркін көре алатындай дәрежеге жетті. Алайда, жуырда бүлдіршінге тағы да ота жасалады.

Дәл қазір Энжелдің отбасы қатты қуанып жүр. Олар оның 5 қарашадағы туған күні мен отаның сәтті өтуін көпшілікпен бірге тойлаған. “Басқа балалар мен туыстарымызды шақырып тойладық”, – дейді анасы. “Бұл отбасы адам айтса нанғысыз қиындықты жеңіп шықты. Олардың алдында басымды иемін”, “Мен бір жылап алдым. Адам баласының өз атына лайық болғаны жөн ғой” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар (фото)

Бұл әйелдің тәнінде 1% май жоқ (фото)

Жер бетіндегі ең алып 15 жануар (фото)

 

Талқылау