Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым: Кезінде Төреғалидің қолына су құюға да жарамайтын едім

Қуандық Рахымның үлкен сахнаға қадам басқанына небәрі 2 жыл толды. Десе де, бүгінде хитмендердің қатарына қосылып үлгерген Қуандықтың қоржынында әндер жетерлік. Былтырғы жылы Алматыдағы республика сарайында үлкен концерт беріп үлгерген Қуандық осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Төреғалимен бір сахнада тұруды армандапты.

Қуандық Рахым

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Қуандық қоржынындағы ән саны бойынша Қайрат Нұртасқа жетіп қалғандай. Өзге әріптестері бір ән шығару үшін жылдап уақыт жұмсаса, Қуандықтың бір хиті үш күнде дүниеге келетін ұқсайды.

“Үш күн сайын ән шығарамын”, – деп қалжыңдады Қуандық.

“Кезінде менде арман болған. Мен Төреғалилармен жастымын. Олар сахнаға шығып, 20 жасында жарқырап жатқан кезде мен әлі олардың қолына су құюға да жарамайтын жігіт едім. Бірақ құрдаспыз. Сол кезде шіркін-ай, бір күні Алла бұйыртып, сахнаға шығып, солардың қасында тұрсам деп армандайтынмын.

Мен әнімді тоқтатпаймын, тіпті күн сайын ән шығарамын деп уәде бергенмін. Аллаға шүкір, жалындап тұрған жас кезімізде барынша берерімізді беріп қалу керек. Оның үстіне, қазір күнде неше түрлі әншілер шығып жатыр. Бәсекеге сай болу үшін, қалып қоймау үшін тырысып жатқан жайым бар. “Тамшы да тама-тама тасты жарар” деген сөз бар ғой. Тұрақтылық керек сияқты”, – дейді Қуандық.

Сондай-ақ, Қуандық сұхбат барысында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол басы бос екенін алға тартып, үйленуге асықпайтынын жеткізді.

“Жүріп жүрген қызым жоқ. Бұйырса алдағы уақытта жолығатын шығар”, – дейді Рахым.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау