Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотталған экс-министрдің 80 млн теңгеге салынған коттеджі мәдениет үйіне айналады

Қазақстанның экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбевтың Астананың іргесіндегі зәулім коттеджі мәдениет үйіне айналып, балалар үйірмесі ашылатын болды. Алайда 80 миллион теңгеге тұрғызылған үйдің ішін қайта жөндеу үшін қыруар қаржы қажет көрінеді. Десе де ауыл жұртшылығы коттедждің мемлекет иелігіне өткеніне дән риза, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуандық Бишімбаевтың 80 миллион теңге жұмсаған зәулім коттеджі мәдениет үйіне айналатын болды

Қуандық Бишімбаевтың даулы коттеджі сот шешімімен Целиноград ауданының әкімдігіне берілген еді. Алайда үй салынған жері экс-министрдің енесінің атына рәсімделіпті.

«Ғимаратты бізге бергенімен, жер телімі басқа кісінің атында. Біз «РЭС-қа» бардық, қарыздары бар екен, 120 мыңға дейін. Содан кейін жылу беру жүйелері дұрыс жөнделмеген. Жөндеу керек, оған қаншама қаражат та керек», – дейді Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сүйінжанова.

Ендігі 80 миллион теңгеге тұрғызылған коттедж Қосшы аулының мәдениет үйіне айналады. Отыз мыңға жуық адам тұратын ауылда  осы күнге дейін мәдениет үйі болмапты.

Коттедждің жер телімінің құжаттары рәсімделіп, ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін мәдениет үйі ретінде ашылады. Сонымен қатар мұнда балалар түрлі үйірмелерге қатыса алады. Бұл жайтқа ауыл тұрғындары риза болысып отыр.

Айта кетейік, Қауындақ Бишімбаев пара алды деген айыппен 10 жылға сотталған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау