Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев қатаң тәртіпті түрмеге ауыстырылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Түркістан облысындағы Ленгер қаласындағы түрмеге ауыстырылды.

Экс-министр Ленгер қаласындағы түрмеге ауысуға өзі сұранған. Мұнда ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар жазасын өтейді, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасенов мәлімдеді.

Хасеновтің айтуынша, сотталған азаматтың әлеуметтік пайдалы қарым-қатынасты ұстаймын деп өзге түрмеге жіберуге сұрануға құқығы бар.

Бишімбаев Ленгер қаласында туыстарының тұратын атаған. Сол себепті ол 5 шілдеден бастап Ленгердегі ИЧ 167/9 мекемесінде.

Хасеновтың мәліметінше, Бишімбаев бір адамдық камерада емес, бірнеше сотталғандармен бірге жатады. Оған ешқандай жеңілдік қарастырылмаған.

Айта кетейік, Қауындақ Бишімбаев пара алды деген айыппен 10 жылға сотталды. Оның бірге 23 адам сотта жауап берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау