Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду тағы да суррогат ана көмегіне жүгінбек

Екінші бала төңірегіндегі қауесет наурыз айының басында тараған еді. Бұған футболшының «Сельтаға» қарсы ойнаған матчындағы соғылған голды тойлап, допты футболкасының ішіне салып алғаны себеп болған.

20151110-cri-post

Сурет: www.spletnik.ru 

Португалдық футболшы қазіргі таңда қажетті құжаттарды рәсімдеу ісінің алға басуына қол жеткізді. Роналду бұл жолы да суррогат ана көмегіне жүгінбек. Бұның бәрі Рождество мерекесінен соң футболшы АҚШ-қа баруы тиіс болған кезде белгілі болмақ.

Айта кеткен жөн, 2010 жылы «Алтын доп» марапатының үш дүркін иегері жасанды ұрықтандыру арқылы әке атанып, қазір ұлын тәрбиелеп отыр.

Талқылау