Криштиану Роналду Мадридтегі үйін таныстырды (видео)

Сейсенбі, 2 Ақпан , 2016 13:11

Португалия құрамасы мен мадридтік “Реалдың” жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду Мадрид қаласындағы өзінің үйін таныстырды. Бейнежазбада ол демалыс бөлмесін жанкүйерлеріне көрсеткен.8601ba6a2b4baba5782331f5cf4a1063

Бейнеролик Рождество мерекесі қарсаңында түсірілген. Дәл осы кезде “Реал” футболшылары аз күндік демалыс алған болатын. Ол бейнежазбада жатын және демалыс бөлмесін таныстырады. Сондай-ақ, музыка тыңдағанды жақсы көретінін де байқатады.

Роналду “Реал” сапына 2009 жылы ауысқалы бері, Мадрид қаласында тұрып келе жатыр. Соңғы кездері оның рекордтық қаржыға басқа клубқа сатылуы мүмкін деген ақпараттар шыққанымен, оны футболшы мен агенттері әлі ресми растамай келеді. Биылғы маусымда Роналду қарсыластар қақпасына 18 гол соғып, Испания чемпионатындағы үздік сұрмергендер көшінде тек “Барселона” шабуылшысы Луис Суареске (19) ғана есе жіберіп тұр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар