Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду бұрынғы командасынан 4,7 миллиард теңге өндіріп алды

“Әл-Наср” командасы мен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду италиялық “Ювентуспен” сот процесін аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ua-football.com

Клуб өкілдерінің пікірінше, Роналду британиялық командамен келісімшартқа отырған кезде төлемнен бас тартқан. Сот Ювентуспен ішінара келіскенімен, Криштианудың талабын қанағаттандырды.

Қосқан үлесін ескере отырып, Ювентус футболшы Криштиану Роналду сұраған соманың 50 пайызын, шамамен он миллион еуро және пайызын (4,7 миллиард теңге) төлеуге міндеттелді", – деп хабарлайды Sport Mediaset.

Пандемия кезінде Криштиану Роналду клубпен жалақыдан уақытша бас тарту туралы келісімге қол қойды. Бірақ ол кейінірек төленуі керек еді. Сот төрелігінің шешіміне сәйкес "Ювентус" футболшыға 9 миллион 774 мың 166 еуро (47 млрд теңгеге жуық) төлеуге тиіс. 

Кей деректерге сүйенсек, Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясындағы жалақысы – жылына шамамен 200 миллион еуро (95 млрд теңгеден астам).

 

Талқылау