Криштиану Роналду 140 млн еуроға қонақ үй сатып алды

Бейсенбі, 28 Қаңтар , 2016 8:41

Әлемнің ең әйгілі футболшыларының бірі, Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду Монаконың Монте-Карло қаласынан 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды. 27-01-2016-CR7-01

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Осылайша, футболшы Монте-Карлода қонақ үй бизнесімен айналысуды көздеп отыр. Бүгінде ол әлем бойынша көптеген мейманхана мен казинолардың қожайыны, атақты кәсіпкер Дональд Трампен және оның Trump Entertainment Resorts компаниясымен тығыз байланыс орнатқан.

Сондай-ақ, даңқты спортшының әлемнің бірқатар елінде жұмыс істейтін жеке қонақ үй желісін ашуды жоспарлап жүргенін атап өткен жөн. Әзірге мұндай кешендер Португалия мен Мадрид және Нью-Йорк қалаларында ашылмақ. Бұл кәсіпті Роналду бүгінде баршаға белгілі өзінің CR7 брендінің аясына біріктіретінін айтты.

Айта кетейік, футболшы осыған дейін қонақ үй кәсібіне 37 млн. еуро ақшасын салған. Одан бөлек, ол өткен жылы Нью-Йорктегі «Трамп мұнарасы» атты көп қабатты кешеннің жоғарғы қабатынан 16,7 млн. еуроға пәтер сатып алған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар