Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Ұлттық экономика вице-министірі тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев министрлік ұжымына жаңа ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпхановты таныстырды, – деп хабарлайды STAN.KZ

скачанные файлы (1)

Айдар Әріпханов Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік аяқтады. «Болашақ» президенттік бағдарламасының аясында Колумбия университетін тәмамдап, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

Әр жылдары ол ҚР қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясының басшысының орынбасары, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры болды.

2011 жылғы мамырдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасы төрғасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

Талқылау