Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары форумға қазақтың шапанын киіп келді

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко XIII Еуразия медиа форумының ел имиджіне арналған отырысына қазақтың шапанын киіп келді.

c6add53b401aa0c1e8e8e82475036648_resize_w_840_h_

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Министрдің орынбасары отырысқа спикер ретінде бой көрсетуі сол-ақ екен, зал ду ете қалды. Пікір алмасудың соңында қазақстандық делегаттардың бірі ел имиджін қалай қалыптастыру керегін үлгі еткен Роман Василенкоға алғысын білдірді.

Кейін ол қандай мақсатты көздегені туралы айтып берді.

«Бүгін көпшілік дипломатияның күшімен ел имиджіне арналған сессия болды. Мен  жүз рет естігенше, бір рет көрген артық деп ойлап, шетелдік қонақтарға ұлттық брендіміздің маңызды бөлшегі – қазақтың шапанын көрсеткім келді», – деді министрдің орынбасары.

Безымянный

ЕАМФ-2016 үшін ерекше костюм таңдаған Роман Василенкомен шетелдік қонақтар мен қазақстандықтар суретке  түсіп жатты.

«Жұрттың  назарына өзіме аударта алғаныма қуаныштымын. Демек, мақсатыма жеттім деген сөз. Жалпы шапан қонақжайлылықты, қазақтың дарқан көңілін білдіреді. Біз алғыс айту күнін мерекелейтін жалғыз елміз. Әрине, осы жерге қоныс аударған жүздеген мың адамды құшақ жая қарсы алған қазақтарға айтқан үлкен алғыс ретінде осы шапанды киіп шықтым» – деді Р.Василенко.

Талқылау