Германияда жүк көлігі адамдар тобын қағып кетіп, бірнеше адам мерт болды (фото, видео)
Германияның Мюнстер қаласында жүк көлігінің жүргізушісі өзіне қол жұмсады. Ол қала орталығында отырған адамдар тобын жүк көлігімен қағып кеткен. Салдарынан 3 адам мерт болып, 30 адам зардап шекті.
Сурет: AFP 2018 / Dpa / Friso Gentsch
Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бұл орайда лаңкестік жасалғаны болуы мүмкін. Полиция зардап шеккендер мен мерт болғандардың бар екенін растады.
«Полиция мәліметінше, адамдарды қағып кеткен ер адам көз жүмған. Оның өзіне қол жұмсағанын полиция растады», – делінеді хабарламада.
Münster now….one of the best place in Germany. pic.twitter.com/1tBzMGAGoE
— Pieter Drent (@pieterwdrent) 7 апреля 2018 г.
Ал ҚР СІМ Германияның Мюнстер қаласында орын алған оқиғадан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
«Қазіргі уақытта біз Германияның оңтүстігіндегі Мюнстер қаласында көліктің адамдарды қағып кетуінен зардап шеккендері мен қаза болғандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексерудеміз. Германиядағы ҚР елшілігінің дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыста отыр», – деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Байлар бәсекесі: Үйлену тойындағы тағы бір қымбат торт жұртты таңғалдырды (видео)
Зейнеткер үйінің жуынатын бөлмесінен тыр жалаңаш ұрыны ұстап алды