Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкері қыз зорлады деп айыпталды: белгілі болған мәліметтер қандай

Таяу күндері адвокат Айман Омарова Facebook желісінде ауыр қылмысы үшін қамауға алынған Түркісіб ауданының полиция қызметкері жайлы жазған еді. Ол прокуратурадан істің мән-жайын анықтауды сұрады.

«Алматы қаласы Түркісіб ауданының жол полициясы қызметкері мас күйінде менің клиентімді бірнеше рет зорлаған. Оқиға Алматы облысында (шамамен Еңбекшіқазақ немесе Талғар аудандары) орын алған. Жәбірленуші әрең құтылып шығып, үйіне жете салысымен Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ-ның полиция бөліміне хабарласқан. Қызды сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберген. Сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері (екі рет), өлім қаупін төндіру сынды ауыр қылмыс жасағанымен, айыпталушы әлі де тұтқындалмаған», – дейді Омарова.

Ол полиция қызметкерінің әрекеті ҚР ҚК 121-бабының 1-бөліміне (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) сәйкес келетінін атап өтті.

«Сонымен қатар менің клиентімді зорлаған полиция қызметкерінің автокөлігін тексеру жұмыстары жүргізілмеген. Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеушісі Құттымұратовтың сөзінше, «полиция қызметкері көлігін тексеруге бермей қойыпты». Сот-биологиялық сараптама тағайындалмаған», – дейді адвокат.

«Прокуратура істің тергеп-тексерілуін қадағаласа екен деймін. Тіпті, істі өз қолдарына алса екен», – деп түйіндеді Айман Омарова.

Адвокаттың жазбасына қатысты Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов пікір білдірді.

«Аталаған іс бойынша анықталған және қолға алынған шаралар.

1. Расында, жәбірленушінің Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ-на түсірген арызы бойынша, іс ҚР ҚК 121-бабының 1-бөліміне (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері)  сәйкес тіркелген;

2. Күдіктінің тұлғасы анықталды;

3. Бастапқы тергеу амалдары жүргізілді. Жәбірленуші мен күдікті азаматтан жауап алынды. Олар бетпе-бет кездесті. Жәбірленуші мен күдіктіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Қожахметов.

«Біз күдікті азаматтың құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері екенін анықтадық. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 2017 жылдың 28 қазанында қызметінен босатылған. Ал қылмыс 29 қазан күні жасалған. Қала прокуратурасы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына қызметінен босатылу фактін тексеруді тапсырды, – дейді бас прокурордың аға көмекшісі.

Тергеу жұмыстарының барысы Алматы прокуратурасының бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз:

Фото: Өскеменде әкімнің орынбасары субұрқақты қоқыстан тазалады

Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

Талқылау