Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық екі тұрғын ірі жол апатына ұшыраған автобусқа кешігіп қалған

Рудный тұрғыны Челябинскте адасып кетіп, “бақытсыз” рейске кешігіп қалған. Тағы бір әйел баласын ойыншық сатып алып беремін деп аялдап, билет алып үлгере алмай қалыпты.

47506

Фото: avtoradio74.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Рудный қаласының 59 жастағы тұрғыны Валентина вокзалды шатастырып алып, Қазақстанға баратын автобусқа кешігіп қалған. Жолға шығатын уақыт келген кезде қаланы жақсы білмейтін қонақтар Синегорьяның орынына, “Юность”станциясына келген. Сол себепті ол Қазақстанға кейінгі рейстердің бірімен аттанған.

Шекара бекетінен өткеннен кейін Валентина, Челябинскідегі туыстарына хабарласып, орын алған жол апаты туралы хабарлайды.

“Ол жерде жедел жәрдем мен полицияның қаптап тұрғанын айтты. Жараланғандар өте көп екен, 6 адам қайтыс болыпты. Нағыз сұмдық жағдай деп айтты”, – дейді әйелдің туысы.

Қайғылы жағдайдан “құтылып кеткен” жалғыз Валентина емес екен. Юрий есімді азаматтың келіншегі баласына ойыншық сатып алып бермекші болып біраз аялдап қалыпты. Олар амал жоқ, тек бір жарым сағаттан соң жүретін автобусқа билет алуға мәжбүр болған.

Еске сала кетсек, 27 шілде күні Екатеринбург-Алматы тас жолында ірі жол апаты болды. “Челябинск-Жітіқара” бағытында бара жатқан Kia Granbird маркалы жолаушылар автобусы мен Iveco Magirus маркалы жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан 30-дан астам адам зардап шегіп, алтауы көз жұмды. Олардың үшеуі Қазақстан, екеуі Ресей азаматтары. Ал бір адамның тұлғасы анықталуда. Екі көлік жүргізушісі де сол уақытта алкогольдік немесе наркотикалық мас күйде болмаған.

Талқылау