Қостанайлық азамат тілін алмаған қызын тәрбиелеймін деп, оны пышақтап өлтірді

Ішімдікке мас болған Қостанай қаласының тұрғыны тілін алмаған қызын тәрбиелемекші болып, оны пышақтап өлтірді.

Қостанайлық азамат тілін алмаған қызын тәрбиелеймін деп, оны пышақтап өлтірді

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 14-тармағындағы 2-бөлігіне «өлтіру» сәйкес Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Сот мәлімдегендей, қостанайлық азамат 2016 жылы ғана түрмеден шыққан екен. Ол 2002 жылы туылған қызымен туған әпкесінің үйінде тұрған. Сонымен қатар, ол қызымен отбасылық қарым-қатынасын сақтау үшін оны тәрбиелеуге тырысқан.

«2018 жылдың наурызында мас болған азамат «қызым мені әкесі ретінде тыңдамайды» деп, жанжал шығарған. Содан пышақпен қаруланған әкесі тілін алмаған қызын бірнеше рет пышақтаған. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өмірлік маңызды ағзаларына зақым келгендіктен, оқиға орнында көз жұмды», – делінген сот отырысында.

Оқи отырыңыз:

Жатақханада тұрған: Қазақстандық кəсіпкер белгілі қазақ ақынына Астананың төрінен пəтер алып берді

Бұл банкте жұмыс істеген емеспін: Жомарт Ертаев тұтқындалғаннан кейін мәлімдеме жасады

Теміртауда болған атыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар