Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов 15 жылға сотталуы мүмкін

Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжановқа да прокурорлар 15 жыл жаза сұрады. Шаһардың бұрынғы басшысының өзі тағылған айыптармен келіскен жоқ. Ал, орынбасары қызметін атқарған Мақсұт Қалиевтың қылмысты мойындағанына тіптен таң-қалды,- деп хабарлайды ктк арнасы.

2dd780970bbc247eb8c8fb3b23f

«Мен жағдайдың осылай болғанына қатты өкінемін. Әлбетте Мақсұтты да түсінемін. Оған кінәні біреуге арту керек болды. Сөйтіп маған жауып жатыр. 15 жыл сұрап отыр, мен білмеймін, төзімім жетер ме екен. Шыдаймын, қайтемін енді?»- дейді Ахметбек Ахметжанов.

Өткен жаздан бері қамауда отырған Қостанай қаласының әкімі мен қос орынбасарларының соты аяқталуға жақын. Мемлекеттік айыптаушы шенеунікті түрмеге тоғытып қана қоймай, оның дүние-мүлкін түгел тәркілеуді көздеп отыр. Айта кетейік, Ахметбек Ахметжанов 87 млн теңге пара алды деп айыпталуда. Ал, оның орынбасары болған Мақсұт Қалиев «пара беруге делдал» болды деген айыппен келісіп, тіпті кешірім де сұрады. Ол енді 4 жылға сотталуы мүмкін. Алайда адвокаты Қалиевты мүлдем босатуды сұрап отыр.

Естеріңізге салсақ, былтыр тамыз айында әуелі Қостанай қаласы әкімінің қос орынбасары Қалиев пен Аракелян парамен ұсталған. Біріншісі – автокөлік құжаттарын рәсімдейтін орталықты салып бітіруге рұқсат беруі үшін 13 млн теңге талап етсе, екіншісі әлдебір компанияның мүддесін қорғаймын деп 300 мың теңге пара алыпты. Кейін әкімнің өзі тұтқындалған болатын.

Талқылау