Қостанайда жігітіне ренжіген қыз аязда қатып қалған жерінен табылды

Қостанайда жас қыз аязда үсіп өле жаздады, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.

 

19 қаңтар күні түзеу мекемесінің қызметкерлері әуежай ғимаратынан үш шақырым жерден қимылсыз жатқан қала тұрғынын тауып алды.

“Жедел бөлімнің бастығы, әділет майоры Ілияс Боқаев қардағы ізді көріп, сол ізбен жүріп отырған. Үш шақырым жерден ол қарда жатқан қызды көреді. Зардап шеккен қыз қимылсыз күйде болған, қатты тоңғандықтан сөйлей алмаған”, — деп жазылған хабарламада.

Аталған оқиға 19 қаңтар күні сағат 21.00 шамасында қоныс колониясының маңында болған. Кезекшілікте болған УК 161/11 мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет капитаны Динара Мадиярова біреудің айқайлағанын естиді. Ер адам Қостанай — Федоровка автожолына жақын маңда көмек сұрап тұрған. Жанжалдан кейін оның дос қызы автокөліктен түсіп, үйіне жаяу кеткені анықталды.

Департаменттегілер жұма күні сынап бағанасы 28 градус аязды көрсеткенін атап өтті.

“Алдымен әділет майоры Ілияс Боқаев пен әділет капитаны Асхат Баламбаев қызды өнеркәсіптік аймаққа қарай жаяу іздеп шықты. Содан кейін әділет капитаны Нұрсұлтан Жұмашев пен әділет аға лейтенанты Диас Нұрахметов көлікпен көмекке келген”, — деп нақтылады ІІД.

Ұрсысып қалған қыз бен жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бір кесе ыстық шай ішкеннен кейін жігіт қыздан кешірім сұрады.

Тағы да оқыңыз:

Дабылды ескерту: Алдағы үш күнде елімізде “арктикалық аяз” жүреді

Павлодарда 11 жастағы қыз өз кәсібін ашып, табыс тауып отыр

Мұсылмандық бейнесінде жасалған Крещение суаты желіде шу болды 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар